
Футзалдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде ойын кестесі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футзал құрамасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан құрамасы 6-топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады. Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.
Іріктеу кезеңінде ел құрамасы 13 желтоқсанда сырт алаңда Албаниямен кездессе, 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияны қабылдайды. Ал 2025 жылдың 1 ақпанында сырт алаңда Даниямен ойнаса, одан кейін аталған құрамамен өз алаңында 5 ақпанда шеберлік байқасады. Сондай-ақ, 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.
Іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында болады. Финалдық кезең 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Литваның Рига және Каунас қалаларында өтеді.
Айта кетейік, ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака келісімшарт мерзімін 2026 жылға дейін ұзартты. Пауло Рикардо Кака Қазақстан құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен біздің құрама 2021 жылғы әлем чемпионатында 4-орын алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2176742-euro-2024-futzaldan-qazaqstan-quramasynyng-irikteudegi-qarsylastary-anyqtaldy/