jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясында алатын жалақысының мөлшері белгілі болды

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

    "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясы чемпионатында қанша жалақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Al Sharq News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду чемпионаттағы ең жоғары жалақы алатын футболшы ретінде танылды. Португалия құрамасының 39 жастағы ойыншысы жылына 263 миллион еуро жалақы алады, оның 60 миллионы жарнама арқылы келеді.

    Екінші орында "Әл-Хилял" клубының шабуылшысы Неймар тұр. Оның жылдық табысы – 102 миллион еуро, футболшы оның 74 миллионын клубтан тікелей алады.

    Үздік үштікті "Әл-Иттихад" клубының шабуылшысы Карим Бензема түйіндеп тұр (96 миллион еуро). Оның 92 миллионы футболшының жалақысы болса, 4 миллионы жарнама арқылы келеді.

    Айта кетейік, Криштиану Роналду "Әл-Наср" футбол клубында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері ойнап келеді. Португалиялық футболшының клубпен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жоспарланған.

    Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясында алатын жалақысының мөлшері белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.