"Олар дайын емес": Винисиус "Алтын доп – 2024" жүлдесінің нәтижесіне қатысты өз пікірін білдірді
Опубликовано:
Мадридтік "Реал" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор "Алтын доп – 2024" жүлдесіне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әлемнің үздік футболшысына берілетін биылғы "Алтын доп" жүлдесін "Манчестер Сити" мен Испания құрамасының ойыншысы Родри иеленді.
Ал марапаттау рәсімінен кейін бұл жүлдеге басты үміткер саналатын бразилиялық Винисиус Жуниор әлеуметтік желідегі парақшасында өз пікірін білдірді.
"Қажет болса, мұны он рет жасаймын. Ал олар дайын емес", - деп жазды Винисиус Х желісіндегі ресми парақшасында.
Сондай-ақ мадридтік "Реалдың" бұрынғы ойыншысы Тони Кросс Instagram желісіндегі ресми парақшасында Винисиусты қолдап: "Үздік", - деп жазып, оның бірнеше фотосын жариялады.
Айта кетейік, 2023 жылғы "Алтын доп" жүлдесін аргентиналық футболшы Лионель Месси еншілеген болатын. Осылайша Лионель Месси бұл жүлдені 8 мәрте жеңген жалғыз спортшы ретінде көш бастап келеді.
Ал бұдан кейінгі орынға португалиялық футболшы Криштиану Роналду орналасқан. Ол өз мансабында "Алтын доп" жүлдесін 5 мәрте жеңіп алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2179902-olar-daiyn-emes-vinisius-altyn-dop-2024-zhuldesining-natizhesine-qatysty-oz-pikirin-bildirdi/