Бүгін, 17 қарашада УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Норвегияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
УЕФА Ұлттар лигасының соңғы, 6-туры аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Норвегиямен ойнайды. Матч Ослоның "Уллевол" стадионында өтеді.
Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетілімін Qazsport арнасынан көруге болады.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында 4 мәрте жеңіліс тауып, 1 тең нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін Станислав Черчесов шәкірттері Норвегиямен тең ойнаса (0:0), Аустрияға қарсы екі ойында да жеңіліс тап (0:4, 0:2) және Словенияға екі рет есе жіберді (0:3, 0:1).
Бұл топта Аустрия мен Норвегия 10 ұпай жинаған. Алайда аустриялықтар қосымша көрсеткіштер арқылы көш бастап келеді. Ал Словения құрамасы 7 ұпаймен топта 3-орынға жайғасқан. Ал Қазақстан құрамасы 1 ұпай еншілеп, соңғы орынды місе тұтты.
Айта кетейік, Ұлттар лигасының келесі маусымы 2026 жылдың қыркүйегінде басталады. Ол арқылы Қазақстан құрамасы Еуро-2028 іріктеу кезеңіне қосымша мүмкіндік ала алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2188556-norvegiia-qazaqstan-ulttyq-quramanyng-songgy-turdagy-oiynyn-qaidan-koruge-bolady/