Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық": Қызылорда әкімі "Қайсарға" бөлінетін бюджет туралы айтты (видео)

Жарияланған күні:

Нұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Нәлібаев. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Қайсар" футбол клубының бюджеті туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сырттан келген ойыншыларға босқа ақша төлегеннен гөрі тұрғындар пайдалы маңызды жобаларды қолға алғанымыз жөн. Маған да клубтың басшысы келіп, "қаражатты көбейтсек, бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз, бірінші орын аламыз" дейді. Бюджеттен 5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық дедім. "Қайсар" – бюджеттен ең аз қаражат қарастырылған команда, мен оны мойындаймын. Бюджет жағынан ең төменгі орындарда тұрғанымыз анық. Бірақ сол ақшаны ауылдарда спортты дамытуға бөлгеніміз дұрыс. 80 спорт алаңы салынды. Стадион салынып жатыр. Спорт кешендері салынып жатыр. Біздің мақсат – қалаға көрік беретін ғимараттар емес, қаракөздерімізді тәрбиелейтін, пайдасы тиетін нысандар салу", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында қызылордалық "Қайсар" клубы 34 ұпай жинап, 8-орынды еншіледі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2190653-5-mlrd-tengge-bolip-birinshi-bolmai-aq-qoidyq-qyzylorda-akimi-qaisarga-bolinetin-biudzhet-turaly-aitty-video/