Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыйымдылығы 35 мың адам: Шымкентте ең үлкен стадионның құрылысы қалай жүріп жатыр

Жарияланған күні:

Стадион
Стадион. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте еліміздегі ең үлкен стадион салынып жатыр. Сыйымдылығы 35 мың адамды құрайтын алаңның құрылысы қалай жүріп жатқанын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

Ғабит Сыздықбековтің сөзінше, стадионды салу туралы жариялау мен оның құрылысын жүргізу екі бөлек мәселе.

"Шымкентте президенттің тапсырмасымен ең үлкен 35 мың адамдық стадион салынып жатыр. Бірінші жоба бойынша стадионның өзі магистральді газ құбырының үстіне түскен. Оны ауыстыруға біраз уақыт кетті.

Қазіргі таңда жұмыс қарқынды жасалып жатыр. Жер жұмыстары бітті, енді оның тұғырын құяды", - деді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі "Ордабасы" клубына бюджеттен бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2191341-syiymdylygy-35-myng-adam-shymkentte-eng-ulken-stadionnyng-qurylysy-qalai-zhurip-zhatyr/