Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" футбол клубы ел тарихындағы алғашқы Лига кубогын жеңіп алды

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубының ойыншысы Джеффри Чинеду
"Астана" футбол клубының ойыншысы Джеффри Чинеду. Фото: qfl.kz

Бүгін, 23 қарашада Түркістанда Қазақстан футболы тарихындағы алғашқы Лига кубогының финалында қос елордалық клуб "Жеңіс" пен "Астана" кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Түркістан аренада" өткен матчтың негізгі уақытында есеп ашылған жоқ. Ал қосымша уақытта "Астана" сапынан Карло Бартолец (104-минутта) және Усман Камара (120+2) гол салды. Осылайша 2:0 есебімен "Астана" басым түсті.

Бұл жеңіс үшін "Астана" ұжымына 90 млн теңге берілсе, "Жеңіс" клубы 50 млн теңге алады. Ал турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 млн доллар.

Айта кетейік, Қазақстандағы жаңа турнир Лига кубогы биыл 25 мамырда 16 клубтың қатысуымен басталған еді. Алғаш болып финалға "Жеңіс" командасы шықты. Олар В тобында қостанайлық "Тобыл" (2:0) және қызылордалық "Қайсарды" (0:1) жеңіп, бірінші орын алды. Ал жартылай финалда Акис Вавалистің шәкірттері қос матчтың қорытындысы бойынша, алматылық "Қайратпен" (2:2) тең ойнап, пенальти сериясында (3:2) басым түсті.

Ал "Астана" ұжымы топтық кезеңде ақтаулық "Каспий" (5:0) мен қарағандылық "Шахтерді" (2:4) жеңіп, D тобында көшбасшы болды. Жартылай финалда семейлік "Елімаймен" жолдары түйісіп, қос матчта да гол соғылмады (0:0). Тек пенальти сериясында ғана (3:1) елордалықтардың мерейі үстем болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2191554-astana-futbol-kluby-liga-kubogyn-zhengip-alyp-qomaqty-syiaqy-ielendi/