Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы билет сұрайды": "Астананың" бас бапкері "Челсиге" қарсы матч туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Григорй Бабаян
Григорй Бабаян. Фото: fcastana.kz

"Астана" футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян "Челсиге" қарсы матчтың билеттеріне сұраныстың жоғары екенін айтты. Бапкердің айтуынша, бірнеше адам одан тікелей билет сұраған көрінеді, деп KAZ.NUR.KZ Offside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Кімді көрсем де, барлығы билет сұрайды. Бәрі "матчқа барамыз" деп жүр. Бұл дегеніңіз 50 мың адам, бәрі сыймайды (күлді). Адамдар жаппай хабарласып, сұрап жатыр. Билеттер бізде емес дедім", - деді Бабаян.

Сонымен бірге, бапкер қазіргі басты назар алдағы "Витория" матчы екенін ерекше атап өтті.

"Асықпайық, біз алдымен "Виторияға" дайындалуымыз керек. "Челси" 12 желтоқсанда келеді, оған дейін уақыт бар", - деді ол.

"Астана" клубының шабуылшысы Эльхан Астанов алдағы матчтарға команда толық дайын екенін мәлімдеді.

"Біз әр ойынға жеңіске жету үшін шығамыз. "Виторияны" жеңе алатынымызға сенемін. "Челсиге" де дайынбыз", - деді ол.

Сонымен қатар, ол "Челси" клубымен кездесуді өзіне ерекше оқиға ретінде қабылдамағанын айтты.

"2021 жылы Қазақстан құрамасы сапында Францияға қарсы алаңға шықтым. Сондықтан "Челси" туралы естігенде, ешқандай таңданыс болмады", - деді Эльхан Астанов.

Айта кетейік, бүгін, 27 қарашада, "Астана" УЕФА Конференция лигасы аясында "Витория" (Гимарайнш) командасын өз алаңында қабылдайды. Матч сағат 20:30-да басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2193827-barlygy-bilet-suraidy-astananyng-bas-bapkeri-chelsige-qarsy-match-turaly-pikir-bildirdi/