jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне іріктеуді бастайды

    Футзалдан Қазақстан құрамасы
    Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

    Бүгін, 13 желтоқсанда футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Албанияға қарсы матч өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Албания – Қазақстан ойыны сағат 22:50-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

    Еуропа чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінде 6-топта Қазақстан мен Албаниядан бөлек Армения мен Дания құрамалары ойнайды. Әр команда өз алаңында үш және сырт алаңда үш матч өткізеді. Жарыстың финалдық кезеңіне тек топта жеңіске жеткен команда шығады.

    Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде өз алаңындағы алғашқы ойынын 18 желтоқсанда өткізеді. Рикардо Кака шәкірттері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Армения құрамасын қабылдайды.

    Айта кетейік, 2022 жылы футзалдан Еуропа чемпионатында Португалия құрамасы жеңімпаз атанған еді. Команда финалда Ресейді 4:2 есебімен жеңді. Бұл турнирді Қазақстан құрамасы 5-орынмен аяқтады.

    Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне іріктеуді бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.