Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Бүгін "Астана" Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы турдағы ойынын өткізеді

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубының ойыншылары
"Астана" футбол клубының ойыншылары. Фото: fcastana.kz

Бүгін "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында сырт алаңда кипрлік "АПОЭЛ" командасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 19 желтоқсаннан 20 желтоқсанға қараған түні елордалық "Астана" командасы сырт алаңда кипрлік "АПОЭЛ" клубына қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің 6-тур аясында өтеді.

Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады. Бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Қазір "Астана" УЕФА Конференция лигасындағы бес матчтан кейін 4 ұпай жинап, турнирлік кестеде 28-орында тұр. Ал "АПОЭЛ" бес ойында 10 ұпайға ие болып, 10-орынға жайғасқан.

Бұған дейін "Астана" сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасын 1:0 есебімен жеңіп, португалиялық "Виториямен" 1:1 есебімен тең түсті. Алайда Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасынан 0:2 және кипрлік "Пафостан" 0:1, лондондық "Челсиден" 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, УЕФА Конференция лигасының биылғы маусымында 36 команда бақ сынап жатыр. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2202156-bugin-astana-konferentsiia-ligasynyng-zhalpy-kezengindegi-songgy-turdagy-oiynyn-otkizedi/