Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Футболдан Қазақстан премьер лигасының үздік бапкері анықталды

Жарияланған күні:

Григорий Бабаян
Григорий Бабаян. Фото: instagram/fcastana

Qazaqstan Football Leaguе (QFL) футболдан биылғы Қазақстан премьер-лигасының үздік бапкерін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QFL-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан биылғы Қазақстан премьер лигасының үздік бапкеріне берілетін Остроушко Леонид Константинович атындағы жүлде "Астана" клубының бас бапкері Григорий Бабаянға табысталды. Үздік бапкерді турнирге қатысқан клубтардың бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.

44 жастағы Григория Бабаянның баптауымен "Астана" клубы футболдан Қазақстан премьер-лигасының күміс жүлдесін иеленді. Елордалық команда 14 мәрте жеңіске жетіп, қарсылас қақпасына 39 гол соқты және ең аз 19 гол өткізді.

Айта кетейік, "Астана" футбол клубы Григорий Бабаянның жетекшілігімен Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2205486-futboldan-qazaqstan-premer-ligasynyng-uzdik-bapkeri-anyqtaldy/