Қостанайлық "Тобыл" футбол клубының ойыншысы Ислам Чесноков футболдан биылғы Қазақстан премьер-лигасының үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QFL-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Qazaqstan Football League футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымындағы үздік ойыншыны анықтады. Сегізбаев Тимур Санжарұлы атындағы жүлдеге қостанайлық "Тобыл" футбол клубының ойыншысы Ислам Чесноков лайық деп танылды. Үздік ойыншы турнирге қатысқан клубтардың капитаны мен бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.
25 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда 10 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Ол 75 сәтті дриблинг жасап, өз шеберлігін көрсетті.
Transfermarkt порталының мәліметінше Ислам Чесноковтің трансферлік құны 800 мың еуроға бағаланады.
Сонымен қатар ол ұлттық құрама сапында 11 ойын өткізіп, 2 гол соққан.
Айта кетейік, Ислам Чесноков осы маусымда үш мәрте айдың үздік ойыншысы ретінде танылып, чемпионатта үздік сұрмергендер қатарынан табылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2206050-ulttyq-quramanyng-futbolshysy-qazaqstan-premer-ligasynyng-uzdik-oiynshysy-atandy/