Қазақстан футбол федерациясында өзгеріс болды. Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚФФ-ның Telegram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Александр Перемитин өз қалауымен қызметінен кетті. Александр Перемитин бұл лауазымға 2022 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.
"Қазақстан футбол федерациясы Александр Ивановичке атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, оған табыс пен үлкен жетістіктер тілейді", - деп жазды ҚФФ.
Айта кетейік, 24 желтоқсанда танымал футбол маманы Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетіп, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына қайта оралды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2206172-kff-toreshilik-departamentining-direktory-qyzmetinen-oz-qalauymen-ketti/