Англия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Уэйн Руни "Плимут" футбол клубынан кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Плимут" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Пилигримдер" қатарынан 9 ойында жеңіске жете алмай, Чемпионшипте соңғы орында келе жатыр. Уэйн Руни осыған дейін "Дерби Каунти", "Ди Си Юнайтед" және "Биримингемнің" бас бапкері болған еді.
Англия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Руни "Плимуттың" бас бапкері қызметінде 25 ойын өткізді. Оның ішінде 5 рет жеңіске жеткен, 6 ойынды тең өткізді және 14 рет жеңілді.
Айта кетейік, Уэйн Руни футболшы мансабында "Эвертон", "Манчестер Юнайтед", "Ди Си Юнайтед" және "Дерби Каунти" футбол клубтарында ойнаған. 2002 және 2021 жыл аралығында 571 ойын өткізіп, 237 гол соққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2207286-buryngy-futbolshy-uein-runi-bapkerlik-qyzmetin-toqtatty/