Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаровпен 7 желтоқсанда өткен кездесуі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт-экспресс" басылымына cілтеме жасап хабарлайды.
"Былтыр желтоқсанда сайланған Марат Талғатұлымен алғаш рет жолықтым. Кездесу екі сағатқа созылып, өте табысты өтті. Танысып, өзара әрекет етудің жолдарын талқыладық. 2024 жылғы Қазақстан құрамасының нәтижелерін қорытындыладық, 2025 жылға жоспарымызды толыққанды баяндадық. Қарсыластарымыздың ерекшеліктерін талқыладық, енді матчтарды қайта Астанада қабылдайтынымыз туралы сөйлестік. Әзірге Мәскеуге ораламын, себебі қаңтар айында демалыс. Дегенмен, федерация басшысымен үнемі байланыста боламыз", - деді Черчесов.
Сондай-ақ Станислав Саламұлы "Желтоқсанда жергілікті және ресейлік БАҚ-та сіздің қызметтен кететініңіз туралы ақпарат тарады. Бұл туралы сіздің ойыңызды біреу сұрады ма?" деген сауалға жауап берді.
"Жоқ, менің пікірімді ешкім сұрамады. Ал қызметтен кету мәселесі федерация президентімен кездесуде мүлде қозғалған жоқ", - деді бас бапкер.
Еске салайық, ресейлік сарапшы Георгий Илющенко футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің 2024 жылғы жұмысын бағалаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2209169-qyzmetten-ketu-maselesi-mulde-qozgalmady-cherchesov-qff-prezidentimen-ne-turaly-soileskenin-aitty/