Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Барселонаның" 17 жастағы ойыншысы соққан голын "Реал" футболшысының стилінде ерекше атап өтті (видео)

Жарияланған күні:

Ламин Ямаль
Ламин Ямаль. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

"Барселона" футбол клубының ойыншысы Ламин Ямаль "Атлетик Бильбао" командасына қарсы матчта соққан голын ерекше атап өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Испания Суперкубогының жартылай финалы аясында өткен матчта "Барселона" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 17-минутында Гави гол соғып, "Барселонаны" алға шығарған болатын. Ал ойынның 52-минутында Ламин Ямаль есепті еселей түсті.

Айта кететін жайт – 17 жастағы Ламин Ямаль соққан голын "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің стилінде атап өтті. Биылғы маусымда Ламин Ямаль "Барселона" сапында 22 матч өткізіп, 7 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Испания Суперкубогының ақтық сынында "Барселона" екінші жартылай финалда бақ сынайтын "Реал" – "Мальорка" жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойын 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні өтеді. Испания Суперкубогы Сауд Арабиясының Жидда қаласында өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2209754-barselonanyng-17-zhastagy-oiynshysy-soqqan-golyn-real-futbolshysynyng-stilinde-erekshe-atap-otti-video/