jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев басшылық қызметке тағайындалды

    Ұлан Қонысбаев
    Ұлан Қонысбаев. Фото: instagram.com/fctaraz.official

    Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев "Тараз" футбол клубының спорт директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев "Тараз" ФК спорт директоры лауазымына бекітілді. Жаңа қызметте Ұлан Әбиірбекұлына сәттілік тілейміз!"- делінген хабарламада.

    Ұлан Әбиірбекұлы 1989 жылғы 28 мамырда дүниеге келген. Спорттық мансабын 2006 жылы "Жамбыл" командасында бастаған.

    Әр жылдары "Тараз", "Астана", "Шахтер", "Қайрат", "Атырау", "Ақтөбе" секілді клубтарда ойнаған. Ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, 3 рет мергендік танытқан. Спорттық ғұмырындағы 300-ден аса кездесуде 40-қа жуық голдың авторы болған.

    2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның "Үздік ойыншысы" атанған. Ел чемпионы, кубок және Суперкубок иегері.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары – Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекшілері болғанын хабарлаған едік.

    Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.