jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Жайық" футбол клубы өз тарихындағы алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті

    Футбол
    Футбол. Көрнекі фото: pixabay.com

    Футболдан екінші лигада өнер көрсететін Оралдың "Жайығы" өз алаңында елордалық "Жейран" клубын қабылдады. Бұл биыл "Ақжайық" футбол клубының орнына құрылған аталмыш команданың өз тарихындағы алғашқы ойыны, деп хабарлайды Kazinform.

    Бірінші таймда 24-минутта қонақтардан Алдияр Аханов есеп ашты.

    Арада 2 минут өткенде, Ислам Амангелдиев таразы басын теңестірді. 33-минутта Ислам есепті 2:1-ге жеткізді. 36-минутта Магоммед Оджиев мергендік танытты. 46-минутта Темірлан Үмбетов матчтың нүктесін қойды – 4:1.

    Вячеслав Невольников жаттықтыратын оралдық клуб биыл бірінші лигаға жолдама алуды мақсат етіп отыр.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылғанын жазған болатынбыз.

    "Жайық" футбол клубы Қазақстанның екінші лигасында ойнайтын болды.

    "Жайық" футбол клубы өз тарихындағы алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.