jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Эль Класико-2025: Испания кубогының финалында "Барселона" "Реал-Мадридтен" жеңісті жұлып алды

    "Барселона" мен "Реал" матчы
    "Барселона" мен "Реал" матчы. Фото: JOSEP LAGO/AFP via Getty Images

    "Барселона" футбол клубы Испания кубогының финалында Мадридтің "Реалын" жеңді. Матч Севильядағы Олимпиада стадионында (Estadio Olímpico de la Cartuja) өтіп, "Барселона" клубының 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды, деп жазады kazinform.kz.

    Ойынның алғашқы голын Педри 28-минутта соқты. 70-минутта "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті теңестірді. Одан жеті минут өткен соң Арда Гюлердің пасынан кейін Тчуамени баспен гол соғып, "корольдік клубты" алға шығарды. Алайда негізгі уақыттың аяқталуына алты минут қалғанда Ферран Торрес есепті қайта теңестірді.

    Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, қосымша уақыт белгіленді. Овертаймда шешуші голды 116-минутта Жюль Кунде соқты. Ол алыстан қақпаны дәл көздеді.

    Осылайша "Барселона" рекордын жаңартып, Испания кубогын 32-рет жеңіп алды.

    Эль Класико-2025: Испания кубогының финалында "Барселона" "Реал-Мадридтен" жеңісті жұлып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.