jitsu gif
Спорт

    "Отандық футбол үшін маңызды оқиға": қазақстандық төреші жастар арасындағы Еуропа чемпионатында қазылық етеді

    Қазақстандық төреші Болат Сариев.
    Қазақстандық төреші Болат Сариев. Фото: kff.kz

    Қазақстандық төреші Болат Сариев 2025 жылғы 12-29 маусым аралығында Словакияда өтетін 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (UEFA U21) финалдық кезеңінде қызмет етеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

    "Бұл – отандық футбол үшін маңызды оқиға. Көп жылдық үзілістен кейін қазақстандық төреші алғаш рет УЕФА аясындағы ірі халықаралық турнирдің шешуші кезеңіне шақырту алды. Болат Сариев төртінші төреші қызметін атқарады, бұл оған халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

    Оның алғашқы матчы 12 маусымда Финляндия мен Нидерланд құрамалары арасында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

    Сонымен қатар УЕФА атынан турнирге төрелік және инспекция департаментінің жетекшісі Нуну Алешандре Каштру жіберілді. Ол жарыс барысында төрешілердің жұмысына талдау жасап, ресми бақылаушы әрі нұсқаушы ретінде қызмет етеді.

    "Болат Сариев пен Нуну Каштрудың аталмыш турнирге қатысуы – УЕФА тарапынан қазақстандық төрешілік корпусына білдірілген сенімнің және еліміздегі төрешілер дайындығының сапалы деңгейге көтерілгенінің дәлелі", - дейді ҚФФ өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.