jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Бүгін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финал ойындары сағат нешеде өтеді

    Футбол ойнап жатқан спортшылар
    Футбол. Көрнекі фото: pixabay.com

    25 маусымда футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

    Жарыстың аталған сатысында сағат 18:00-де "Қызылжар" (Петропавл) мен "Ордабасы" (Шымкент), 20:00-де "Тобыл" (Қостанай) мен "Жеңіс" (Астана) ойнайды.

    Қарымта кездесу 30 тамызға белгіленген. Ширек финалда "Ордабасы" алматылық "Қайраттан" 1:0 есебімен басым түссе, "Қызылжар" семейлік "Елімайды" пенальти сериясында қапы қалдырды.

    Ал елордалық "Жеңіс" және "Астана" кездесуінің негізгі кезеңінде 1:1 есебімен тең түсті. Пенальти сериясында "Жеңіс" жартылай финалға жолдама алды.

    Қостанайлық "Тобыл" сырт алаңда түркістандық "Тұранды" 2:0 есебімен тізе бүктірді. Биыл Қазақстан кубогына премьер-лига, бірінші және екінші лигадан барлығы 30 команда қатысты.

    Алдымен бірінші және екінші лига командалары алғашқы іріктеу кезеңін өткізді. Олардың арасынан іркілмей шыққан екі клуб 1/8 финалда премьер-лига командалары қатарына қосылды. Жеңімпаз 2026 жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.