jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Отандық футбол клубтарының бірінен 12 шетелдік ойыншы кеткені мәлім болды

    шетелдік футболшылар
    Игорь Стасевич, Руслан Юденков, Егор Хаткевич және Василий Совпель (солдан оңға қарай) Фото:: instagram.com/fc.turan

    Түркістандық "Тұран" футбол клубы Instagram желісіндегі ресми парақшасында бірнеше шетелдік ойыншының кеткенін және бас бапкердің ауысқанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Клубта құрылымдық өзгерістер болды. Әлібек Нұртаев "Тұран" директорының міндетін атқарушы қызметінен кетсе, Ернұр Сапарбаев спорт директоры қызметінен босатылды. Басшылық қызметті Дінмұхамбет Махимов иеленді. Кейін беларусь Виталий Жуковский бастаған бапкерлер штабы командадан кетті.

    Сондай-ақ "Тұран" өкілдері 12 шетелдік ойыншының кеткенін хабарлады. Олар: Беларусь елінен келген қақпашы Егор Хаткевич пен жартылай қорғаушылар Руслан Юденков, Игорь Стасевич және Василий Совпел, өзбекстандық жартылай қорғаушылар Шохбоз Умаров пен Бехрузбек Аскаров, қорғаушылар Хуршид Мухторов пен Одил Абдужидов, черногориялық жартылай қорғаушы Горан Милойко, Йован Пайович, екі ресейлік Константин Дорофеев пен Лука Згурский.

    Жергілікті маман Әбдізхалық Бөрібаев "Тұранның" бас бапкері атанды. Клуб өкілдері ұжымның жасақталып жатқанын атап өтті.

    "Қазіргі таңда қазақстандық және жергілікті ойыншылар шақырылып, толық құрам жасақталып жатыр. Толық анықталған соң жанкүйерлерге қосымша ақпарат беріледі", - делінген Тұран хабарламасында.

    Жуковский "Атырау" бас бапкері қызметіне қайта оралды. Бұл қызметке ол қазақстандық Денис Мамоновтың орнына келді. "Атыраудың" жаңа спорт директоры Қуаныш Қабдолов болды.

    Бұл команда құрамынан да бірнеше ойыншы кетті. Хаткевич, Милоико, Дорофеев, Совпел, Юденков, Стасевичтер "Тұраннан" "Атырауға" ауысты. Командаға бірнеше қазақстандық жас ойыншы қосылды. Сонымен қатар соңғы жарты жылды Ливияның "Абу Салим" клубында өткізген конголық жартылай қорғаушы Жоэль Каямба Атырауға оралды.

    Қазақстан Премьер-лигасы маусымының экваторында "Тұран" 13 матчтан кейін 11 ұпай жинап, Талдықорғанның "Жетісу" және "Атырау" командаларын ғана басып озып, 12-орында тұрақтады. Атыраулық команданың 15 ойыннан кейін төрт ұпайы бар және оның барлық турнирдегі жеңіліссіз сериясы 15 матчқа созылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.