jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанмен кездеседі

    Футбол добы
    Футбол добы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы U-21 жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келген.

    Матчтар 12 мен 14 қазан күндері Ташкентте өтеді.

    Ал 9 қазанда Қазақстан U-21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андоррамен ойнайды.

    Айта кетейік, кеше "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында финляндиялық "КуПС" командасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

    Осылайша, алматылық команда келесі кезеңге жолдама алды. Үшінші іріктеу кезеңінде "Қайрат" Словакияның "Слован" командасымен ойнайды.

    Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанмен кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.