jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Астана" өз алаңында "Лозаннадан" жеңіліп, Конференция лигасынан шығып қалды

    "Астана" - "Лозанна" матчы
    "Астана" - "Лозанна" матчы. Фото: kazfootball.kz

    Елордалық "Астана" өз алаңында швейцариялық "Лозаннаға есе жіберіп, УЕФА Конференция лигасынан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Астана" мен "Лозанна" УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында бақ сынасты. Қос команданың екінші ойыны "Астана Арена" стадионында өтіп, 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды..

    Бірінші таймда гол болмағанымен, ойынның екінші жартысында "Лозанна" астаналық клубтың қақпасына екі гол соқты (48-минутта Бейятт Леквейри, 66-минутта Гауссу Диаките).

    Кездесудің 86-минутында "Астана" құрамындағы жартылай қорғаушы Макс Эбонг екінші сары қағаз алып, ойыннан шығарылды.

    Еске сала кетейік, өткен аптада "Лозанна" өз алаңында "Астананы" 3:1 есебімен жеңіп кеткен болатын. Екі ойынның нәтижесі бойынша швейцариялық команда 5:1 есебімен жеңімпаз атанып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

    "Астана" өз алаңында "Лозаннадан" жеңіліп, Конференция лигасынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.