jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    ӘЧ-2026: футболдан Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды

    Қазақстан құрамасы
    Қазақстан құрамасы дайындық кезінде. Максим Самородов ортада. Фото: ҚФФ

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Уэльске қарсы ойынға шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Футболдан ұлттық құраманың нақты тізіміне 25 ойыншы кірді:

    Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");

    Қорғаушылар: Әлібек Қасым, ("Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы");

    Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бактиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – "Елімай"), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – "Оқжетпес"), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Дамир Қасабулат ("Қайрат");

    Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сатпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Елімай").

    Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.

    ӘЧ-2026: футболдан Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.