jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Желіде "Реалмен" ойнайтынын білгенде қуанған "Қайрат" ойыншыларының видеосы тарады

    "Қайрат" футбол клубы
    "Қайрат" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/f.c.kairat

    Әлеуметтік желілерде "Қайрат" ойыншыларының Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімін тамашалаған сәтінен видео тарап жатыр. Алматылық клубтың футболшылары топтық кезеңде мадридтік "Реалмен" кездесетініне аса ерекше қуанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық "Қайраттың" ойыншылары Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімін бірге көрген. Команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин футболшыларының қарсыластарын білген кездегі эмоциясын видеоға түсіріп, Instagram-дағы парақшасында жариялап жіберген. Спортшылардың эмоцияға толы бейнежазбасы бірден әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

    Видеодан "Қайрат" ойыншыларының мадридтік "Реалмен" матч өткізгісі келгенін білуге болады. Испаниялық клубтың Алматыға келетіні белгілі болғанда қазақстандық команданың футболшылары қуаныштан айқайлап, орындарынан секіре бастады.

    Айта кетейік, бұған дейін алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. Олардың қатарында мадридтік "Реал", "Интер", "Арсенал", "Брюгге", "Спортинг", "Олимпиакос", "Копенгаген" және "Пафос командалары бар.

    Желіде "Реалмен" ойнайтынын білгенде қуанған "Қайрат" ойыншыларының видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.