jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасындағы сәтті ойыннан кейін тағы да бір матчта жеңіске жетті

    Александр Мартынович пен Жоржинью (солдан оңға)
    Александр Мартынович пен Жоржинью (солдан оңға). Фото: Арман Жақсығұлов / "Қайрат" ФК

    Алматының "Қайрат" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының 22-туры аясындағы ойында сырт алаңда көкшетаулық "Оқжетпестен" басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Көкшетаудағы "Оқжетпес" стадионында өткен кездесуде алаң иелері 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

    Матчтың бірінші таймындағы жалғыз голды сегізінші минутта португалиялық шабуылшы Жоржинью соқты.

    Жеңіс алматылықтарға 46 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Рафаэль Уразбахтиннің қоластындағы футболшылар бүгінде "Астана" клубымен бірге көштің басына жайғасқан, десе де бұл ретте қостанайлық "Тобылды" (44 ұпай) әлі бір матч күтіп тұрғанын ескерген жөн.

    22 турдан кейін көкшетаулықтар 32 ұпаймен алтыншы орында келеді.

    "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасындағы сәтті ойыннан кейін тағы да бір матчта жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.