jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Үш есе аз": "Жеңіс" шабуылшысы Қазақстан мен Еуропадағы жалақысын салыстырды

    Всеволод Садовский
    Всеволод Садовский. Фото: instagram.com/usevaladsadovski

    Астаналық "Жеңістің" белорус шабуылшысы Всеволод Садовский Польшаның "Котвица" клубына ауысу себебін айтып берді, деп жазады 1bol.kz.

    "2025 жылдың басында "Котвицаға" ауысу мүмкіндігі туды. Қаңтарда келіп, бірнеше күн жаттығып, бір спарринг өткіздім. Содан кейін маған 2025 жылдың маусымына дейін келісімшарт ұсынды. Алайда келген соң клубта қарыз барын және трансферге тыйым салынғанын білдім. Соған қарамастан, басшылық бәрін реттейміз деп уәде берді. Мен сендім де, келісімшартқа қол қойдым", - деді Садовский.

    Футболшы Еуропада карьерасын жасай алатынына неліктен сенгенін де түсіндірді:

    "Польшада ойнағым келді. Мақсатым – көзге түсіп, кейін Батысқа қарай қадам жасау. Сол үшін де барлығына сенгім келді. Келген бойда бізге қаладан пәтер жалдап берді, жаттығудан кейін тегін түскі ас болды", - деп еске алды ол.

    Садовский еңбекақысы туралы да ашық айтты:

    "Ордабасында" алған жалақымнан үш есе аз болды. Бірақ мен үшін Еуропада ойнау басты мақсат еді. Ақша екінші орында тұрды", - деді шабуылшы "Футбол Беларуси" басылымына берген сұхбатында.

    "Үш есе аз": "Жеңіс" шабуылшысы Қазақстан мен Еуропадағы жалақысын салыстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.