jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековтың ұлттық құрамадағы тағдыры белгілі болды

    Темірлан Анарбеков
    Темірлан Анарбеков. Фото: instagram.com/f.c.kairat

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы уақытта болатын Уэльс командасына қарсы матчқа қатысатын қақпашыларға қатысты пікір білдірді. Ол "Қайратқа" тарихи жеңіс алып келген Темірлан Анарбековтың ұлттық құрамадағы тағдырын сөз етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық құраманың бас бапкері Анарбековтың жағдайына байланысты медициналық штабтың жауабын күтіп отырғанын жеткізді. Сөзінше, мамандардың қорытындысына сәйкес, алдағы матчтағы қақпашылардың мәселесі шешілмек. Бұл туралы Әлиев баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

    "Біз медициналық тексеріс нәтижесін күтеміз. 22-турда Анарбековтың тізесін Дамир Марат жарақаттап алды. Медициналық штаб оның жағдайына қатысты жауап берген соң, ойланатын боламыз. Оның үстіне, қатарымызда Мұхаммеджан Сейсен деген кәсіби қақпашы бар. Ұлттық құрамада негізі қақпашыларға қатысты мәселе туындамайды. Қазір Анарбековтың моральдік жағдайын да ескеруіміз керек. Қазір психологиялық тұрғыда өсім байқалады. Оны ұлттық құраманың пайдасына барынша қолдануымыз қажет", - деді бапкер.

    Айта кетейік, Темірлан Анарбеков - алматылық "Қайраттың" ойыншысы. Ол чемпиондар лигасы плей-офф раундының шешуші матчында пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, командасының топтық кезеңге өтуіне көмектесті.

    Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы мен Уэльс арасындағы матч 4 қыркүйекте "Астана аренада" өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен 19:00-де басталады.

    "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековтың ұлттық құрамадағы тағдыры белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.