jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы ойындары Астанада өтуі мүмкін

    Футбол ойнап жатқан спортшылар
    Футбол. Көрнекі фото: pixabay.com

    "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі барлық өз алаңындағы матчын Алматыда өткізуді көздеп отыр. Дегенмен клуб ел аумағындағы ойындар үшін қосымша балама нұсқаны да қарастырған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

    Жоспар бойынша алматылықтар өз алаңында төрт кездесу өткізбек:

    • 30 қыркүйек – "Реал Мадрид",
    • 21 қазан – "Пафос",
    • 9 желтоқсан – "Олимпиакос",
    • 20 қаңтар – "Брюгге".

    Алайда Алматыдағы қысқы ауа райының қолайсыздығына байланысты "Олимпиакоспен" және "Брюггемен" өтетін ойындар Астанада өтуі ықтимал. Әсіресе желтоқсан мен қаңтар айларындағы суық температура матч өткізуге қиындық туғызуы мүмкін. Осыған орай, негізгі "Орталық" стадионнан бөлек, "Қайрат" қосалқы алаң ретінде "Астана Арена" стадионын тіркеді. Сондықтан аталған екі ойын елордада өтуі де әбден мүмкін.

    Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында "Қайрат" сырт алаңда португалиялық "Спортингтен" 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал екінші турда "сары-қаралар" Алматыда мадридтік "Реалды" қабылдайды. Бұл кездесу 30 қыркүйекте өтеді.

    "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы ойындары Астанада өтуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.