jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    2028 жылға қарай Премьер-лигадағы легионерлер саны 8 ойыншыға дейін қысқарады

    алаңда доп теуіп жүрген футболшылар
    Алаңда доп теуіп жүрген футболшылар. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    2028 жылға қарай Премьер-лигадағы легионерлер саны 8 ойыншыға дейін қысқарады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚФФ-ның бас хатшысы Давид Лория премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында елдегі кәсіпқой футболдың дамуы жөнінде баяндама жасаған.

    Оның айтуынша, 2026 жылдан бастап Премьер-лигадағы клубтар саны 14-тен 16-ға дейін артады. Ал 2028 жылға қарай легионерлер лимиті біртіндеп 12-ден 8 ойыншыға дейін қысқарады.

    Жалпы, биылғы маусымда көрермендер саны бойынша рекорд жаңартылған: Қазақстан Премьер-лигасының ойындарын шамамен 1 миллион жанкүйер тамашалаған. Бұл былтырмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Ал барлық кәсіби лиганың жалпы көрермен саны 2 миллионға жуықтап, тарихи көрсеткішке жеткен.

    Сондай-ақ Қазақстан УЕФА клубтар рейтингінде 39-орыннан 34-орынға көтеріліп, кейінгі жылдардағы ең жоғары нәтиже тіркелген.

    2025 жылы әйелдер арасындағы толыққанды кәсіпқой лига ашылған. Бұл жарыста 14 команда бақ сынаған.

    Бұдан бөлек, биыл ұлттық құраманың өз алаңындағы матчтарына 80 мыңнан астам жанкүйер келген. 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгияға қарсы ойын маусымның қорытынды матчы болмақ.

    2028 жылға қарай Премьер-лигадағы легионерлер саны 8 ойыншыға дейін қысқарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.