Самат Смақов "Жетісу" футбол клубынан кеткенін хабарлады
Опубликовано:
Самат Смақов "Жетісу" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Қазақстан футболының аңызы бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен футбол сүйер қауым. Бас бапкер қызметін аяқтай отырып, осы уақыт аралығында маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен жандарға алғысымды айтқым келіп тұр". - деп жазды Смақов.
Оған қоса бапкер өзіне қолдау білдірген облыс әкімі мен спорт басқармасының өкілдеріне алғысын жеткізді. Сондай-ақ клуб басшылығы мен барша қызметкерлерге рақметін айтты.
"Талдықорға халқы мен барша жанкүйерлерге алғысым шексіз. Сіздердің қолдауларыңызды әр ойын кезінде сезіндік. Сіздер өз алаңымызда да, сырт алаңда да біздің күшіміз болдыңыздар", - деп жазды ол.
Маман "Жетісу" футбол клубында қызмет ету өзі үшін үлкен мәртебе болғанын жасырмады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2309109-samat-smaqov-zhetisu-futbol-klubynan-ketkenin-habarlady/