Спорт

Зектілері

"Барыстың" бас бапкері ҚХЛ рейтингінде төменге құлдырады

Жарияланған күні:

хоккей
Андрей Скабелка. Фото: "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі

Андрей Скабелка Құрлықтық хоккей лигасындағы бас бапкерлер тізімінде төменге сырғыды. Бұл туралы Championat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Барыстың" бас бапкері бір сатыға төмендеген. Қазіргі таңда ол 17-орында тұр.

Көш басында "Ак Барс" тізгінін ұстаған Зинетулла Билялитдинов. Екінші сатыда Игорь Ларионов ("Торпедо"), үшінші орында "Сибирь" бас бапкері Андрей Мартемьянов.

Өткен аптада қазақстандық клуб 4 матч өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетті. Қалған үш кездесуде қарсыластарға есе жіберген "Барыс" қазіргі таңда Шығыс конференциясында 9-орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2007355-barystyn-bas-bapkeri-qxl-reitinginde-tomenge-quldyrady/