jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Бір ойында 10 шайба жіберіп алған "Барыс" жаңа ойыншыға қызығушылық танытуда

    Станислав Бочаров
    Станислав Бочаров. Фото: hcamur.ru

    Елордалық "Барыс" хоккей клубы шабуылшы Станислав Бочаровпен 2024/2025 жылғы маусымның соңына дейін келісімшартқа отырмақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Өткен маусымда 33 жастағы шабуылшы Станислав Бочаров Хабаровскінің "Амур" клубында ойнады. Содан кейін ол клубпен келісімшартын ұзартпай, еркін агент ретінде клубтан кетті. 2023/2024 маусымында Бочаров 73 матч өткізіп, 40 (14 гол + 26 пас) ұпай жинады.

    Станислав Бочаров Құрлықтық хоккей лигасында 695 матч өткізіп, 124 гол соғып, 148 нәтижелі пас беріп, жалпы 272 ұпай жинады.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше, 30 қыркүйекте "Барыс" хоккей клубы өз қақпасына 10 шайба өткізіп, тарихындағы ең ірі жеңіліске ұшырады. Дәл қазір елордалық команда қоржынында 5 ұпай бар және Шығыс конференция кестесінде соңғы орында келеді.

    Бір ойында 10 шайба жіберіп алған "Барыс" жаңа ойыншыға қызығушылық танытуда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.