Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Минскінің "Динамосын" сырт алаңда жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Беларусь астанасындағы кездесу 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Алғашқы шайбаны алаң иелерінің канадалық шабуылшысы Крис Тирни соқты (19-минутта).
"Барыс" есепті қазақстандық шабуылшы Әліхан Өмірбековтың (35-минутта) арқасында теңестіріп кетті. Ол сондай-ақ астаналықтардың екінші шайбасына ықпал жасап, жарты минут қалғанда қазақстандық басқа шабуылшы Кирилл Панюков жеңіс шайбасын соқты. Қонақтардың қақпашысы Никита Бояркин қақпаға бағытталған 35 соққының 34-ін қайтарды.
Осылайша "Барыс" Ғалым Мәмбеталиевтің бас бапкерлікке оралғаннан кейінгі алғашқы жеңісін тойлап отыр. Бұл – астаналықтардың КХЛ-дің осы маусымындағы төртінші жеңісі. Астаналықтар тоғыз ұпай жинап, Шығыс конференциясы мен жалпы лигада соңғы орынды иеленіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2177066-barys-zhanga-bapkerding-basshylygymen-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/