Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері Олег Болякин Азия чемпионатындағы алғашқы матч туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 6 қарашада Қазақстан құрамасы Азия біріншілігіндегі алғашқы ойынында Оңтүстік Кореядан 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді.
"Бүгінгі нәтиже көңілімізді қалдырып отыр. Өйткені біз жігіттермен сөйлескенбіз, қателіктер жіберуге болмайтынын айтқанбыз. Бірақ ойыншылар өздері қалағандай ойнауды жөн көрген сияқты. Бірінші және екінші голға әкеп соққан еркіндік беріп қойдық, қарсыласқа өз күшін көрсетуге мүмкіндік бердік. Хоккейде егер өз міндеттеріңізге кәсіби түрде қарамасаңыз, осындай ірі жеңілістер болады.
Бүгін біздің шеберлігіміз ақсап қалды. Қақпамызға кірген екінші гол бүкіл матчты төңкеріп тастағандай болды. Біз асыға бастадық, қарсыластың өзіне сенімділігі арта түсті. Көшбасшы деп сенген ойыншыларымыз онша сенімді емес боп көрінді. Жас жігіттер өздерін жақсы көрсетті. Иван Степаненко жарақат алып қалды. Бірақ өмір мұнымен аяқталмайды, алға жылжу керек, бәрі бізге байланысты", - деді бас бапкер.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 қарашада Қытайға, 9 қарашада Жапонияға қарсы ойнайды. Екі матч та 19:30-да басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2184098-qatelik-zhiberuge-bolmaitynyn-aitqanbyz-qazaqstan-hokkei-quramasynyng-bapkeri-shakirtterin-kinalady/