Хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус Азия чемпионатындағы алғашқы матч туралы әсерін және қарсылас команда туралы ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
6 қарашада Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы ойынында Оңтүстік Корея құрамасынан 4:1 есебімен ұтылып қалған еді.
"Мұндай жеңілістен кейін мен тек жағымсыз эмоцияларды сезініп тұрмын. Біз жеңіске жетуіміз керек еді. Көптеген мүмкіндік пен сәт болды, іске асырмадық, кей жерде сәтсіздікке ұшырадық. Негізінде, екі голды жіберіп алмау керек еді. Бұл қарсыласқа жеңіске жетуге және соңында бос қақпаға гол соғуға мүмкіндік берді", - деді Бреус.
Cондай-ақ қазақстандық хоккейші Оңтүстік Корея құрамасының ойыншылары туралы айтты.
"Қарсыластарымыз мұз айдынына шыға сала күресті. Осындай нәтижеге жол бергенімізге қарағанда, олар жеңісті бізден көбірек қалаған сияқты. Олар жылдам болды, жеңгісі келді.
Ертең бізде жаттығу өтеді. Бүгінгідей жағдайды болдырмау үшін және көбірек шайба соғу үшін келесі матчқа дайындаламыз", - деді ол.
Енді Қазақстан құрамасы 8 қарашада Қытайға, 9 қарашада Жапонияға қарсы ойнайды. Екі матч та 19:30-да басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2184110-olar-zhyldam-boldy-iri-eseppen-utylgan-qazaqstan-quramasynyng-hokkeishisi-qarsylas-turaly-aitty/