Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасы тарихи Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Жарияланған күні:

Қазақстандық хоккейші
Қазақстандық хоккейші. Фото: icehockey.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қытай командасынан басым түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Halyk Arena" мұз сарайында өткен матч 6:1 есебімен аяқталды. Қазақстан командасы сапынан Дмитрий Бреус үш рет қарсылас қақпасына дәл соққы жасаса, Андрей Буяльский, Дмитрий Гренц, Евгений Королинский бір шайбадан салды. Ал Қытай құрамасынан тек Чжэн Минцзюй мергендік танытты.

Осылайша Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 6 қарашада біздің хоккейшілер Оңтүстік Кореядан 4:1 есебімен ұтылып қалған еді. Енді Олег Болякин шәкірттері ертең, 9 қарашада Жапонияға қарсы ойнайды.

Алматыдағы Азия біріншілігінің жеңімпазы турнир кестесінің нәтижесі арқылы анықталалмақ. Қазір кестеде 6 ұпаймен Жапония көш бастап тұр. Ал кейінгі орындарға 3 ұпайы бар Қазақстан мен Оңтүстік Корея жайғасса, Қытай командасы соңғы орында келеді (0 ұпай).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2185097-hokkeiden-qazaqstan-quramasy-tarihi-aziia-chempionatynda-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/