Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Барыс" тағы да шайба соға алмай, қатарынан тоғызыншы ойында жеңілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Барыс" хоккей клубы
"Барыс" хоккей клубының қақпашысы. Фото: hcbarys.kz

Астаналық "Барыс" қонақта ресейлік "Лададан" ұтылып, Құрлықтық хоккей лигасы аясында қатарынан тоғызынша жеңілісіне ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қос команда арасында кездесу Ресейде өтіп, ойын 1:0 есебімен "Ладаның" жеңісімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз шайбаны 55-минутта "Ладаның" ресейлік шабуылшысы Александр Государев соқты.

Осылайша "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында қатарынан тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады. Соңғы төрт матчтың үшеуінде команда шайба соға алмай келеді.

46 кездесуден кейін 24 ұпай жинаған астаналық "Барыс" хоккей клубы әлі күнге дейін Шығыс конференциясында 11-орында және чемпионаттың турнир кестесінде 22-орында келеді. Соңғы орында келе жатқан "Амурдан" (Хабаровск) бір саты ғана жоғары тұр.

Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін 11 қаңтарда қонақта "Ақ Барс" командасына қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2210165-barys-tagy-da-shaiba-soga-almai-qatarynan-togyzynshy-oiynda-zhengiliske-ushyrady/