Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC 300: Джастин Гэтжи мен Макс Холлоуэй BMF белбеуін сарапқа салады

Жарияланған күні:

Джастин Гэтжи
Джастин Гэтжи. Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC via Getty Images

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Джастин Гэтжи UFC 300 турнирінде отандасы Макс Холлоуэйге қарсы кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC промоушенінің президенті Дана Уайттың Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

UFC 300 турнирі Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да 13 сәуір күні өтеді. Аталмыш турнирде Гэтжи мен Холлоуэйден басқа жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Джимм Миллер мен Бобби Гринс та жұдырықтасады.

Джастин Гэтжи соңғы жекпе-жегін UFC 291 турнирінде отандасы Дастин Порьеге қарсы өткізіп, оны нокаутқа түсірген еді.

Айта кетейік, Холлоуэйдің кәсіпқой аралас жекпе-жектегі рекорды 25 жеңіс, 7 жеңіліс. Ал Гэтжидің есебінде 29 жекпе-жек, 25 жеңіс бар. Егер осы кездесу Гэтжидің пайдасына шешілсе, ол BMF чемпиондық атағын қорғаған алғашқы файтер болғалы отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2055946-ufc-300-dzastin-getzi-men-maks-xollouei-bmf-belbeuin-sarapqa-salady/