UFC промоушенінің файтері Шавкат Рахмоновтың MMA-менеджері Саят Абдрахманов спортшының қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The AllStar Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шавкат Рахмонов америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жекке шықпас бұрын оң аяғын жарақаттап алған еді.
"Қазір Шавкат әлі де емделіп жатыр. Дәрігер оған 6-8 апта демалыс тағайындады. Сондықтан сәуірдегі турнирге қатыса алмайтын шығар. Шавкат жазда оралуды жоспарлап отыр. Егер сәуірде Леон Эдвардс — Белал Мухаммад арасында жекпе-жек өтетіні расталса және Леон жазда қайта оралуды қаласа, Шавкат белбеуді ұтқан адамммен жұдырықтасады. Ол Леон не Белал", — деді Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегінде Стивен Томпсонды екінші раундтың соңына қарай тұншықтыру әдісімен жеңді. Бұл кездесу өткен жылы 17 желтоқсанда UFC 296 турнирі аясында Лас-Вегас (АҚШ) қаласында болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2055961-oktagonga-zazda-sygady-savkat-raxmonovtyn-bapkeri-faiterdin-zosparlaryn-aitty/