Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі үшінші жеңісінен кейін елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Асу Алмабаевты Алматы әуежайында қазақстандықтар салтанатты түрде қарсы алды. Спортшының елге оралған сәтінің видеосын Dar Pro Team командасы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Еске салайық, 16 маусымда Асу Алмабаев АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінің басты кардында жекпе-жек өткізген еді. Ол америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Алмабаев төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті. Осылайша қазақстандық файтер MMA-дағы жиырмасыншы, ал UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізген болатын.
Алмабаев наурызда тағы бір америкалық спортшы Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шығып, төрешілердің шешімімен жеңген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2120685-asu-almabaev-ufc-degi-ushinshi-zhengisinen-keiin-elge-oraldy-video/