Шавкат Рахмоновтың менеджері: Екі қазақ UFC белбеуі үшін жұдырықтасса, мен мансабымды аяқтаймын
Опубликовано:

Қазақстандық MMA менеджері Саят Абдрахманов екі қазақ спортшы UFC белбеуі үшін жекпе-жекке шыққанда мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Екі қазақ UFC-де белбеу үшін төбелессе, бұл менің миссиям аяқталды деген сөз. Ол кезде мен мансабымды аяқтап, зейнетке шығамын. Жақында қос ресейлік жауынгер Павлович пен Волков UFC-де жекпе-жекке шығып, Ресейді шулатты. "Бұл саясат" деген сөздер айтылды. Қандай саясат? Америкалықтар америкалықтармен, бразилиялықтар бризилиялықтармен төбелесе береді. Осының арқасында UFC-де олардың саны көп.
Егер UFC-де екі қазақ белбеу үшін төбелессе, бұл жекпе-жек бүкіл әлемге қызық дегенді білдіреді. Бұл отандық ММА-ның жаңа деңгейге шыққанының белгісі. Бұл біздің жауынгерлерді әлемдік деңгейде мойындады деген сөз. Осыған ұмтылу керек", - деді Абдрахманов Youtube желісіндегі Promma Podcast арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Саят Абдрахманов – UFC-де өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың менеджері. Осыған дейін ол Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтқан еді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2136297-shavkat-rahmonovtyng-menedzheri-eki-qazaq-ufc-belbeui-ushin-zhudyryqtassa-men-mansabymdy-aiaqtaimyn/