
"Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап атымен танымал ирандық файтер Мохаммед Хейбати мен қазақстандық Фаниль Рафиков кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін, 19 қазанда Қарағандыда Naiza 68 турнирі өтті. Осы кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиков ирандық файтер Мохаммед Хейбатимен кездесті.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жектің бірінші раундында Фаниль Рафиков тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық файтер Фаниль Рафиков өз мансабында 29 кездесу өткізіп, 24 мәрте жеңіске жетсе, 5 рет жеңіліс тапқан. Соңғы рет биыл 18 мамырда әзірбайжандық Нариман Аббасовқа қарсы кездесу өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Мохаммед Хейбати бұған дейін 9 кездесу өткізіп, 5 жеңіске қол жеткізсе, 4 рет жеңіліске ұшыраған. Соңғы рет Мохаммед Хейбати 2023 жылдың 30 қарашасында бразилиялық Диего Брандаоға қарсы кездесуде төрешілердің бірыңғай шешімімен ұтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2176316-qazaqstandyq-zhauynger-tanymal-irandyq-faiterdi-zhengdi/