jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Базарда қарбыз тасығанмын": Шавкат Рахмонов өзінің алғашқы табысы жайлы айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC файтері Шавкат Рахмонов YouTube желісіндегі Naiza TV арнасына берген сұқбатында алғашқы табысы жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    UFC-де өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов алғашқы табысы, базардағы жұмысы туралы айтты. Шавкат мақсатына жету үшін сол шақта еңбек пен сабырдың маңызын түсінген айтады.

    "Алғашқы табысымды базарда қарбыз тасып алған едім. Сол кезде маған тиын-тебен төлейтін. Алайда сол шақтың өзінде мен табыстың қадірін ұға бастадым", - деді Шавкат Рахмонов.

    Сондай-ақ Шавкат кейбір талантты адамдардың өз мүмкіндіктерін толық пайдаланбай жатқанына қынжылатынын жасырмады.

    "Кейбір адамдардың бойында зор потенциал бар, бірақ олар мақсатқа жету үшін жұмыс істеуден бас тартады. Бұл мені әрдайым қынжылтатын мәселе", - деді Шавкат Рахмонов.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек Шавкат Рахмонов үшін UFC-дегі жетінші кездесуі болмақ.

    "Базарда қарбыз тасығанмын": Шавкат Рахмонов өзінің алғашқы табысы жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.