jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Қорқақ қазақтардың ұрпағы": танымал ММА спортшысы өзіне сын таққандарға қарсы жауап берді

    Мұратбек Қасымбай
    Мұратбек Қасымбай. Скриншот: youtube.com/@NomadFightingChampionshipKZ

    Аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай соңғы жекпе-жегінен кейін өзіне тағылған сындарға қатысты батыл жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі Nomad Fighting Championship арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    30 қарашада қазақстандық спортшы Мұратбек Қасымбай мен ресейлік Иса Исаев Nomad Fighting турнирі аясында кездесу өткізді. Нәтижесінде бес раундқа созылған жекпе-жекте Иса Исаев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Осы жеңілістен кейін Мұратбек Қасымбай өзіне сын таққандарға қарсы жауап берді.

    "Өз ұлтым үшін кейде ұяламын. Мен осындай керемет жекпе-жек көрсеткенімді, жылап қашпай, соңына дейін тұрғанымды ерлік деп санаймын. Сонда да сорлы қазақтар: "Ой, бізді масқара қылдың, төбелеспеуің керек еді", - деп айтады. Бір-бірін қолдау деген жоқ. Менің осындай жекпе-жек көрсеткенім бірде-бір қазаққа ұят емес. Көзіне тік қараймын. Таяқ жеген күннің өзінде ұят емес. Сорлы қазақтарымыз сөйлейді, бірақ өздері түк істеген жоқ. Өзіміздің қазақтарға, өзіміздің қауымға ешқандай көмегі жоқ, түк пайдасы жоқтар жатып алып түрлі нәрселер жазады.

    Қазақстан КСРО құрамында болған кезде мен-мен деген батырларымызды ату жазасына кесіп өлтірген. Қазіргі қазақтар, кешірерсіздер! Қорқақ қазақтардың ұрпағы қалдық деп ойлаймын. Бұл менің өз ойым. Біз қорқақтардан таралғанбыз.

    Мен ешкімді азапқа, зорлық-зомбылыққа шақырмаймын. Қазіргі заман жақсы әрі керемет. Мен ұлтымды жақсы көремін, ұлтым мықты болсын дегім келеді", - деді Мұратбек Қасымбай.

    Айта кетейік, Мұратбек Қасымбай келесі жекпе-жегін кәсіби бокс ережелері бойынша өткізеді. Ол 27 желтоқсанда Алматыда "Перс" лақапатымен танымал Иран спортшысы Мухаммед Хейбатимен кездеседі.

    "Қорқақ қазақтардың ұрпағы": танымал ММА спортшысы өзіне сын таққандарға қарсы жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.