jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ақталмаймыз": Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

    Қазақстандық файтер Асу Алмабаев
    Қазақстандық файтер Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC Vegas 103 турниріндегі алғашқы жеңілісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Ол өз жанкүйерлеріне алғыс айтып, алдағы мақсаттарын айқындап өтті:

    "Барша қолдап жатқан бауырларға көп рахмет! Бір-бірімізді қолдап жүрейік. Құласақ та, көтерілсек те, қолдап жүрейік. Белбеуді алып келемін, иншалла. Сондықтан ер адам болған соң неше түрлі жағдай болады. Ақталмаймыз", – деді спортшы.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 103 кешінің басты жекпе-жегінде португалиялық Манель Капемен (20-7-0) кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Бұл оның UFC-дегі алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейін Алмабаев қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, рейтингте жоғарылаған еді.

    Спортшы бұл сәтсіздікке қарамастан, чемпиондық белбеу үшін күресін жалғастыратынын мәлімдеді.

    "Ақталмаймыз": Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.