jitsu gif
Спорт

    Нұрмахан Тінәлиев Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    : UGC

    Бұл күндері Астанада күрес түрлерінен Азия құрлығы бойынша Олимпиада ойындарына жолдама беретін турнир өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде жерлестеріміз үш жолдамаға қол жеткізді деп жазады baq.kz.

    Еркін күрестен 97 келіде өнер көрсететін павлодарлық Мамед Ибрагимов ширек финалда тәжік Рустам Ескандриді 10:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда моңғолиялық Худербулга Доржхандты ұтты. Өкінішке қарай, финалда қырғызстандық Магомед Мусаевтан ұтылды. Дегенмен Қазақстан құрамасына 97 келідегі Олимпиада жолдамасын әперді.

    Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Нұрмахан Тінәлиев барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жолдамаға иелік етті.

    Әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері 130 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ол ширек финалда ирандық Башир Асгари Бабаджанзадеха Дарзиді,одан кейін қытайлық Хуанг Мэнгті жеңді. Ал финалда қырғызстандық Мурат Романовтан айласын асырды.

    Сондай-ақ әйелдер арасында 75 келіде белдескен Гузель Манюрова осы турнирде екінші орын алып, Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Ол финалда моңғолиялық балуан қыздан ұтылды.

    Осылайша екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан 5 лиценциязға ие болды. Алғашқы жарыс күнінде Ғалымжан Өсербаев, Эльмира Сыздықовалар төрт жылдықтың басты жолдамасын жеңіп алған еді.

    Нұрмахан Тінәлиев Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.