jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Абылайхан Жүсіпов Токиодағы жеңілісі туралы: Салқынқанды отырып саралау керек

    Абылайхан Жүсіпов11
    Фото: instagram.com/ablaikhan_zhussupov

    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Айта кетейік, 29 шілдеде Токио Олимпиадасынан боксшы Василий Левит пен Абылайхан Жүсіповті елге оралды. қошеметпен қарсы алды

    Елорда әуежайында олар тілшілердің сұрағына жауап беріп, жеңілісіне қатысты өз ойын айтты.

    Алғашқы кездесуде-ақ америкалық боксшы Джонсон Делантеге есе жіберген Абылайхан Жүсіпов айтуылы додаға тыңғылықты дайындалып барғанын айтады.

    "Бокста бірінші жыл жүрген жоқпын, бірінші рет мұндай жүкті арқалаған емеспін, сондықтан психологиялық тұрғыдан да дайын болдым. Өз басым бабымда, тыңғылықты дайындалып бардым деп айта аламын. Өзім ойлаған, бапкер қойған талаптарды барынша орындадым деп ойлаймын.

    Жарыс алдында бізге барлық жағдай жасалды, Токиоға жарыс алдында бір апта бұрын бардық. Өз басым жекпе-жегімді әлі қараған жоқпын, оны салқынқанды отырып қарап, саралау керек. Сол кезде не кемшілік кеткенін айта аламын", - дейді боксшы.

    Спортшы аздаған демалыстан соң кәсіби спорттағы жоспарын қайта қарастыратынын алға тартты.

    "Олимпиадаға екінің бірі барып жатқан жоқ, оған қатысудың өзі бақыт. Әр жарыстан соң шүкіршілік етеміз. Мен үшін әр жарыс ол сабақ, бұл Токио Олимпиадасы да кезекті сабақ болды. Олимпиадаға қатысуды армандаушы жас спортшыларға айтарым, көп еңбектену керек", - дейді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.