jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қоңқабаев финал жолдамасын сарапқа салады: 4 тамызда кімдер жарыс жолына шығады

    Қамшыбек Қоңқабаев
    Фото: olympic.kz

    Токио Олимпиада ойындарының он екінші күнінде бес қазақстандық спортшы бақ сынайды. Осы орайда Prosports.kz 4 тамызға арналған жарыс кестесін жариялады.

    Сонымен бүгін еркін күрестен Нұрислам Санаев бозкілемге шығады. Ол алғашқы белдесуде Гвинея-Бисау елінің спортшысы Диамантино Юна Фафемен кездеседі.

    Сондай-ақ, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақтағы америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасады. Боксшылар финал жолдамасын сарапқа салады.

    Байдарка мен каноэда есуден жарыс жолына жекелей сында Маргарита Торлопова мен Наталья Сергеева шығады.

    Сондай ақ, велотректен спринттік жарыста Сергей Пономарев іріктеу кезеңінен өту тырысады.

    4 тамызға арналған жарыс кестесі, басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен

    07:12 Байдарка мен каноэда есу. Әйелдер. Жекелей сын. 200 метр

    Маргарита Торлопова

    07:47. Байдарка мен каноэда есу. Әйелдер. Жекелей сын. 500 метр

    Наталья Сергеева

    08:30 Еркін күрес. Ерлер. 1/8 финал

    57 келі. Нұрислам Санаев — Диамантино Юна Фафе (Гвинея-Бисау)

    12:18 Бокс. Ерлер. Жартылай финал

    +91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев — Ричард Торрес (АҚШ)

    12:30 Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу

    Сергей Пономарев.

    Айта кетейік, қазір Қазақстан үш қола медальмен жалпы командалық есепте 75-орында тұр. Ал үздік үштікте Қытай, АҚШ және Жапония. Көш бастап тұрған қытайлықтардың қоржыныда 69 медаль бар.

    Қоңқабаев финал жолдамасын сарапқа салады: 4 тамызда кімдер жарыс жолына шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.